ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің болжамы бойынша, 2009 жылы Ұлттық қорға аударылатын бюджет түсімдерінің көлемі 1,5 трлн теңге деңгейінде болмақ
Астана. 11 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің болжамы бойынша, 2009 жылы Ұлттық қорға аударылатын бюджет түсімдерінің көлемі 1,5 трлн теңге деңгейінде болмақ, бірақ, мұнай секторы бойынша тікелей салықтар мен басқа да түсімдер көлемі ағымдағы жылғы бағадан 226,8 млрд теңгеге төмендейтіндігін жоққа шығармайды. Бұл туралы бүгін "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасының Қазақстан парламентінің мәжілісіндегі тұсаукесері барысында еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.