ҚР экономика жөніндегі ҒЗИ қоныс аударушы мәртебесін беруді қарастыратын жаңа заңның жобасын жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР экономика жөніндегі ҒЗИ қоныс аударушы мәртебесін беруді қарастыратын жаңа заңның жобасын жасады

ҚР экономика жөніндегі ҒЗИ қоныс аударушы мәртебесін беруді қарастыратын жаңа заңның жобасын жасады

ҚР экономика жөніндегі ҒЗИ болашақсыз деп танылған ауылдардан келешегі бар өзге елді мекендерге көшіп орналасқан адамдарға қоныс аударушы мәртебесін беруді қарастыратын жаңа заңның жобасын жасады. Бұл туралы ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі аймақтық бағдарлама жобасы мен оны жүзеге асыру жоспарларын жасау жөніндегі Оралда өткен республикалық семинар-кеңесте хабарланды.

  • 26 Қыркүйек 2003
  • 461
Фото - Caravan.kz

Заң жобасына сәйкес, аталмыш категориялы адамдарға әртүрлі квоталар, кепілдемелер мен субсидиялар бөлінбекші.

Агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтардың дамуын мемлекеттік реттеу және талдау жөніндегі департаменттің ауылдық аумақтарды дамыту басқармасы бастығының орынбасары Қайыржамал Темірғалиевтің айтуына қарағанда, елімізде ауылдық елді мекендерді топырақтың сапасы, ауылшаруашылығы техникасының қоры тәрізді көрсеткіштер бойынша классификациялау шарасы жүзеге асырылған. Осыған сәйкес ауылдық елді мекендер жоғары, орта және төменгі даму әлеуеті бар деген үш категорияға бөлінді. 1 және 2-категориялы елді мекендерді ғана қаржыландыру көзделіп отыр. Бағдарлама 2004-жылдан бастап жүзеге асырыла бастайды деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар