ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі мен ҚХР Коммерция министрлігі арасында меморандумға қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі мен ҚХР Коммерция министрлігі арасында меморандумға қол қойылды

ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі мен ҚХР Коммерция министрлігі арасында меморандумға қол қойылды

Бүгін Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов пен Қытай Халық Республикасы Коммерция министрі Чэнь Дэмин сауда-экономикалық іс-қимылдар үшін қолайлы жағдайлар жасау, техникалық-экономикалық ынтымақтастық, екі елдің қаржылық институттарын араластыра отырып, жобалардың жүзеге асуына ықпалдасу,

  • 15 Маусым 2011
  • 502
Фото - Caravan.kz

шекарадағы сауда қатынастарының дамуына әсер ету, «Хоргос» Халықаралық шекара маңайы ынтымақтастығы орталығын салу және жұмыс істеуін бірлескен күш-жігермен ілгерілету, екі елдің тікелей өңірлік экономикалық байланыстарын кеңейтуді және тереңдетуді көздейтін Ынтымақтастық Меморандумына қол қойды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың қазіргі даму барысына көңіл толарлық екеніне тоқталды. «Екі ел үкімет басшыларына мемлекет басшыларының қойған талабы — тауар айналым деңгейін 40 млрд.АҚШ долларына дейін жеткізу. Ол қазіргі деңгейдегі тауар айналымын екі есе көбейту деген сөз» деді қазақстандық министр.

ҚХР Коммерция министрі Чэнь Дэминнің айтуынша, Қытай СУАР (Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы) аймағының дамуын тездетуге баса назар аударып отыр, осыған орай, «аймақты бүкіл Орталық Азия елдеріне айқара ашпақшы». Күзде Үрімжіде «EXPO — Оралық Азия — Үрімжі» атты жәрмеңке өтпек.

Өз кезегінде, қазақстандық министр қытайлық әріптесін Қазақстанның 2017 жылы Астанада Бүкіләлемдік Жәрмеңке өткізу бастамасы туралы хабардар етіп, өтініштерді қарастыру барысында осы бастаманы Қытайдың қолдауына сенім артты.

Қазақстандық министр 2011 жылдың соңына дейін «Қорғас-Жетіген» темір жол бекетінің іске қосылып, Қытай аймақтары мен Қазақстанның оңтүстіктегі ірі қаласын байланыстыратынын, сөйтіп, тауар тасымалын тездететініне көңіл аударды. Ақтау портынан Түрікменстан шекарасына дейін салынатын темір жол да транзиттік тасымалды жеделдетіп, экспорттың Парсы шығанағына дейін шығуына мүмкіндік береді. Қ.Келімбетовтың айтуынша, бұл Қытайдың қазіргі теңіз жолдарымен өтетін тасымалымен салыстырғанда жеңілдеу және оңай болады.

Қазақстандық министрдің айтуынша, Қорғас халықаралық шекаралық Ынтымақтастық Орталығы Орталық Азия мен Қытай арасындағы маңызды логистикалық орталық ғана емес, сонымен қатар, тауарларды өндіріп Кедендік Одақ Аймағына экспорттайтын индустриалдық тізбек құра алады.

Мұнан өзге, тараптар елдер арасындағы еркін сауда аумақтарын құру мүмкіндіктерін талқылады. Қазіргі кезде екі ел мұнай-газ секторы бойынша белсенді жұмыс істеп отыр, қазақстандық тарап ядролық энергетика және шикізаттық емес сектор, ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша ынтымақтастыққа ниетті.

Соңғы жаңалықтар