ҚР экспорттық несиелерді сақтандыру жөніндегі мемлекеттік корпорациясы Прага клубының 24-мамырда Варшава қаласында өтетін отырысына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР экспорттық несиелерді сақтандыру жөніндегі мемлекеттік корпорациясы Прага клубының 24-мамырда Варшава қаласында өтетін отырысына қатысады

ҚР экспорттық несиелерді сақтандыру жөніндегі мемлекеттік корпорациясы Прага клубының 24-мамырда Варшава қаласында өтетін отырысына қатысады

2004-жылдың 24-26 мамыры күндері Варшава қаласында Прага клубы мүшелерінің бас қосуы өтеді. Онда экспорттық несиелерді сақтандыру, сақтандыру өнімдерін дамыту, сондай-ақ, экспорттық несиелерді сақтандыру жөніндегі агенттіктерді институционалдық тұрғыда нығайту мәселелері сарапқа салынады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Қазақстанның экспорттық несиелері мен инвестицияларын сақтандыру жөніндегі мемлекеттік корпорациясы" АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Мамыр 2004
  • 406
Фото - Caravan.kz

Кездесуге шетелдерге берілетін несиелерді сақтандыру мәселесімен айналысушы әлемдік 30-дай ұйым, соның ішінде «Қазақстанның экспорттық несиелері мен инвестицияларын сақтандыру жөніндегі мемлекеттік корпорациясы» АҚ мен «OECD» және Әлемдік банк сынды бірқатар халықаралық ұйымдар қатысады.

Прага клубы — дүниежүзіндегі экспорттық несиелерді сақтандыру жөніндегі таяуда ғана құрылған жаңа ұйымдарды біріктірген қауымдастық. Клуб экспорттық несиелерді сақтандырушы ұйымдар арасында өзара тәжірибе және ақпарат алмасуға, екі жақты қарым-қатынастар орнатуға мүмкіндік береді.
«Қазақстанның экспорттық несиелері мен инвестицияларын сақтандыру жөніндегі мемлекеттік корпорациясы» АҚ Берн Одағы аясындағы Прага клубына 2004-жылы бақылаушы ретінде қабылданған.