«Үш күннен кейін Павлодар мұнай өңдеу зауыты іске қосылады. Менің ойымша, қазақстандық безниннің өткізілуі есебінен баға бойынша жағдай қалпына келетін болады. Қазанның соңына қарай баға бойынша айтып береміз»,-деді министр.
Осы орайда ол қазан айында елімізде АИ-92 бензинінің 40 пайыздан астамы ресейлік өнімге тиеселі екенін еске салып өтті. Ал бензиннің бұл маркасы Ресейде қымбаттау.
«Сондықтан ол біздегі орташа бағаға әсер етті. Қараша айында ресейлік бензиннің үлесі төмендейді деген ойдамыз», — деді Бозымбаев.
Сонымен қатар ҚР Энергетика министрі қазақстандық мұнайшыларға өзінің үндеуін жеткізді.
«Енді бензиннің басым бөлігі қазақстандық үлеске тиесілі болады. Қарашада біз мұнайшылармен жақсы жұмыс істеуіміз керек, яғни олар мұнай өңдеуші зауыттармен бірге өздерінің тәбетін басуы қажет», — деді Бозымбаев.