ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 16 қазанда В.С.Школьник Теңіз мұнай-газ кен орнын аралау барысында «Теңізшевройл» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Тед Этчинсонмен кездесті. Ол болашақ кеңею жобасын/Сағалдық қысымды басқару жобасын іске асыру бойынша ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарының ағымдағы жағдайымен және мұнай өндірудің жоспарлы көрсеткіштерінің орындалу барысымен танысты.
17 қазанда Энергетика министрі Қашаған кен орнының нысаналарын аралады, кен орнындағы мұнай және газ құбырларын салу бойынша жұмыстардың ағымдағы жағдайымен, 2016 жылға жоспарланған кен орнындағы көмірсутектерді өндіру жұмыстарын қайта бастау бойынша жұмыс кестесімен танысты.