ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі мен "ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның президенті Түпқараған учаскесі бойынша Өзара өнім бөлісу жөніндегі келісім мен Аташ учаскесін барлау жөніндегі келісім-шартқа қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі мен "ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның президенті Түпқараған учаскесі бойынша Өзара өнім бөлісу жөніндегі келісім мен Аташ учаскесін барлау жөніндегі келісім-шартқа қол қойды

ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі мен "ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның президенті Түпқараған учаскесі бойынша Өзара өнім бөлісу жөніндегі келісім мен Аташ учаскесін барлау жөніндегі келісім-шартқа қол қойды

Бүгін, 29-желтоқсанда Астанада ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник пен "ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның президенті Ұзақбай Қарабалин Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігінде орналасқан Түпқараған учаскесі бойынша Өзара өнім бөлісу жөніндегі келісім мен Аташ учаскесін барлау жөніндегі келісім-шартқа қол қойды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 29 Желтоқсан 2003
  • 541
Фото - Caravan.kz

Бұл құжаттарға қол қою нәтижесінде «ҚазақМұнайГаз ҰК» ЖАҚ аталмыш учаскелерде жер қойнауын пайдалану құқығына ие болады.

Құжаттарға қол қою рәсімінен кейін В.Школьниктің журналистерге хабарлағанындай, «Түпқараған жобасы бойынша алып пайдалану мүмкіндігі бар мұнай қоры 100 млн. тоннадан асып жығылады». Оның атап көрсетуінше, жалпы шығын 1,721 млрд. долларды, эксплуатациялық шығындар 2,1 млрд. долларды құрамақшы. Өзара өнім бөлісу жөніндегі келісім 40 жылға жасалды.
Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде республикалық бюджетке 3,5 млрд. доллар көлемінде қаржы құйылады.
«Бұл бюджетке түсетін түсімдер ең жоғары деңгейде қарастырылған Өзара өнім бөлісу жөніндегі алғаш қол қойылған келісім, әрі жобаның рентабельділік көрсеткіші 15 проценттен төмен»,- деді энергетика және минералды ресурстар министрі.
Өз кезегінде Ұ.Қарабалин «тұңғыш рет мердігерге қатаң талап жүктелген Өзара өнім бөлісу жөніндегі келісімге қол қойылды» деп мәлімдеді. «Бұл компаниядан үлкен жауапкершілік пен үлкен тәуекелділікті талап етеді»,- деді ол. Сондай-ақ, «ҚазақМұнайГаз ҰК» төрағасының айтуына қарағанда, Түпқараған учаскесін соңғы өңдеу нәтижелері «сенім ұялатып», «кенішке тап келу мүмкіндігін» айғақтап отыр.
Аташ учаскесіндегі барлау жұмыстарының болашағына тоқталған Ұ.Қарабалин келісім-шартына сәйкес геологиялық барлау жұмыстары көзделгенін хабарлады. «Үкіметпен арадағы жеке келісімге барлау жұмыстары аяқталғаннан кейін қол қойылады»,- деді ол. «Бұл учаскеде «ҚазақМұнайГаз ҰК» ЖАҚ өңдейтін 2-3 блок табуды қалап отыр»,- деді Ұлттық компания басшысы.
Сөйтіп, Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігінде орналасқан учаскелер бойынша Өзара өнім бөлісу жөніндегі келісім мен барлау жөніндегі келісім-шартқа қол қою «Каспий қайраңын игеру жөніндегі президент беткіткен бағдарламаны жүзеге асыруға нақты қадам жасалғанын» білдіреді,- деді В.Школьник.

Соңғы жаңалықтар