ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Қазақстанның PetroKazakhstan компаниясының активтерін сатуға шектеу қою құқығы бар екенін мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР энергетика және минералды  ресурстар министрі Қазақстанның PetroKazakhstan компаниясының активтерін сатуға шектеу қою құқығы бар екенін мәлімдеді

ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Қазақстанның PetroKazakhstan компаниясының активтерін сатуға шектеу қою құқығы бар екенін мәлімдеді

ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник 29-маусымда Лондонда өткен баспасөз мәслихатында "Қазақстанның PetroKazakhstan Inc. компаниясының активтерін сатуға шектеу қою құқығы бар", деп мәлімдеді,- деп хабарлады KZ-today тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 30 Маусым 2005
  • 771
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанда жұмыс істейтін кез-келген компания өз акциясын басқа компанияға сататын болса, ол үшін бірінші кезекте Қазақстан үкіметінен рұқсат алуға тиіс. Өйткені, барлық табиғи ресурстар мемлекеттің иелігінде»,- деді министр.

В.Школьниктің айтуынша, «Қазақстан үкіметі PetroKazakhstan Inc. компаниясынан ұсыныс түскен жағдайда компанияны сатып алу мүмкіндіктерін қарастыратын болады».
«Бізде компанияның ілеспе газды әлі күнге дейін жағып жатқаны туралы ақпарат бар. Бұл еліміздің экологиялық заңнамасына қайшы келумен бірге сол маңда тұратын халықтың денсаулығына нұқсан келтіреді»,- деді В.Школьник. Осы орайда ол «республиканың мүддесіне кереғар келгеніне қарамастан, үкіметтің компанияны мұнай өндіру мөлшерін қысқартуға күшпен көндіруге мәжбүр болғанын» еске салды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, PetroKazakhstan Inc. компаниясын сатып алуға әсіресе Қытайлық және Үндістандық компаниялар жанын салуда. Бұл елдер қарқынды дамып келе жатқан экономикасын энергетикалық мұқтаждықтан құтқару үшін дүниежүзінің кез-келген нүктесінен мұнай активтерін сатып алуға тырысуда. Үндістанның Oil and Natural Gas Corp. (ONGC) компаниясы Канаданың мұнай компаниясын сатып алу туралы келіссөздерді бастап та жіберді.

Перейти к новостям спорта