ҚР энергетика және минералды ресурстар министрінің мәлімдемесінен кейін Нью-Йорк биржасында PetroKazakhstan компаниясының акциялары 12,39 процентке арзандады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР энергетика және минералды  ресурстар министрінің мәлімдемесінен кейін Нью-Йорк биржасында PetroKazakhstan компаниясының акциялары 12,39 процентке арзандады

ҚР энергетика және минералды ресурстар министрінің мәлімдемесінен кейін Нью-Йорк биржасында PetroKazakhstan компаниясының акциялары 12,39 процентке арзандады

ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник "Қазақстанның PetroKazakhstan Inc. компаниясының активтерін сатуға шектеу қою құқығы бар", деп мәлімдегеннен кейін, 29-маусым, сәрсенбіде Нью-Йорк қор биржасында PetroKazakhstan компаниясы акцияларының құны 12,39 процентке арзандап, 33,95 долларды құрады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне биржаның сайтындағы хабарламадан мәлім болды.

  • 30 Маусым 2005
  • 538
Фото - Caravan.kz

Компанияның нарықтық капиталы 27-маусым күнгі 2,8 млрд. доллардан 29-маусымда 2,5 млрд. долларға дейін кеміді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 27-маусымда PetroKazakhstan келіссөздер туралы, не корпоративтік сауда-саттық, не болмаса басқа компаниямен бірігу мүмкіндігі туралы ақпаратты растаған.
PetroKazakhstan компаниясы осыған байланысты өз мәлімдемесінде «қазіргі жағдаймен бұл процесс сауда-саттыққа алып келеді деген сенім жоқ. Сол себепті бұл процесті акционерлерге ең қолайлы шешім ретінде ұсынуға әлі ерте», деп атап көрсеткен болатын.
Қазір PetroKazakhstan Арысқұм, Қызылқия, Ақшабұлақ, Құмкөл, Құмкөл — Оңтүстік, Оңтүстік Құмкөл, Құмкөл Солтүстік, Майбұлақ, Нұралы, Солтүстік Нұралы және Ақсай кеніштерінде мұнай өндіруде.
Қазіргі таңда компания 94 дербес құрылымды қамтитын барлау активтеріне және тәуекелдерді ескермегенде 1,1 млрд. баррельден астам қорға ие.
2005-жылдың 1-қаңтарындағы жағдаймен PetroKazakhstan компаниясының болжамдық және дәлелденген қоры мұнай эквивалентіне шаққанда 549,8 млн. баррельді құрады.

Перейти к новостям спорта