Жарияланды: 600

ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі ағымдағы жылдың екінші жартысында бірқатар кеніштер бойынша ашық байқаулар өткізеді

Астана. 6 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі ағымдағы жылдың екінші жартысында бірқатар кеніштер бойынша ашық байқаулар өткізуді жоспарлауда. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен кеңейтілген отырыста ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

""30 корпоративтік көшбасшы" бағдарламасына сәйкес бірқатар кеніштерді байқауға шығару жөнінде үкіметтің қаулысы шықты", - деді С. Мыңбаев. Оның айтуынша, "бұл кеніштер бойынша өңдеуші кәсіпорындарды дамыту шартымен ашық байқаулар өткізіледі. Бұл екінші жарты жылдықта жүзеге асады", - деді ол. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін