ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі Алматы мен Курчатовта техносаябақтар құруға бағытталған алдын-ала жұмыс жоспарын жасап шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі Алматы мен Курчатовта техносаябақтар құруға бағытталған  алдын-ала жұмыс жоспарын жасап шығарды

ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі Алматы мен Курчатовта техносаябақтар құруға бағытталған алдын-ала жұмыс жоспарын жасап шығарды

ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі Алматының іргесіндегі Алатау ауылы мен Курчатовта ҚР Ұлттық ядролық Орталығы кәсіпорындарының негізінде техносаябақтар құруға бағытталған алдын-ала жұмыс жоспарын жасап шығарды. Бұл туралы ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің импорт алмастыру және сыртқы байланыстар жөніндегі департаментінің директоры Алмаз Төлебаев бүгін , 15-қыркүйекте Алматыда өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

  • 15 Қыркүйек 2003
  • 545
Фото - Caravan.kz

2004-жылғы республикалық бюджет жобасында Алатаудағы ақпараттық технологиялар саябағын салуға 700 млн. теңге, Курчатовта ядролық технологияларды дамыту саябағын салуға 90 млн. теңге қарастырылған. Бұл жобалар қазір бюджеттік комиссияның қарауынан өтті.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР үкіметінің шешімімен елімізде 4 техносаябақ құру туралы шешім қабылданғаны белгілі. Жоғарыда аталған екі саябақпен қатар Степногорск қаласында биотехнологиялық, ал Приозерск қаласында ғарыштық спутниктерді бақылау жөніндегі техносаябақ құрылатын болады.
ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің жоспарына сәйкес, Алатау ауылындағы ақпараттық технологиялар саябағы 90 гектар алқапты иемденеді. Мұнда айрықша кедендік және салық тәртібі енгізіліп, бірінші кезекте техносаябақтың дамуына түрткі болатын технологиялар мен материалдарды импорттауға негізгі жеңілдіктер көрсетіледі.
Бюджет қаржысы негізінен техносаябақтардың инфрақұрылымын дамытуға жұмсалады. А.Төлебаевтың айтуынша, техносаябақтарды дамыту жоспары, онда жұмыс істейтін кәсіпорындар ішкі сұранысты қамтамасыз етуге бағытталатындай етіп жасалған. Атап айтсақ, олар жылу-энергетикасы саласына немесе экспортқа бағытталатын болады.
Алдағы уақытта техносаябақтар Ұлттық инновациялық қордан қаржыландырылады.