«Біз мұнай сатушылармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз»,- деді ол. «Біздің міндет — бұл жанар-жағармайды өнім өндірушілердің қолына жеткізу»,- деді В.Школьник.
Министрдің айтуынша, 2005-жылы отандық мұнай өңдеу зауыттарында 10 млн. тонна мұнай өңдеу жоспарланған. Ал 2004-жылы 9,4 млн. тонна мұнай өңделді. В.Школьниктің хабарлауынша, соңғы төрт жылда отандық мұнай өңдеу зауыттарында өңделген өнім мөлшері 1,5 есе өсті.
2004-жылы жер қойнауын пайдалану саласына 7,7 млрд. доллардың инвестициясы жұмсалды. Соның ішінде 6,5 млрд. доллар мұнай өндіруге, 1,1 млрд. доллары барлау жұмыстарына арналды.