ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі Курчатов қаласында ядролық технологиялар саябағын құру туралы тұжырымдаманы таныстырды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі Курчатов қаласында ядролық технологиялар саябағын  құру туралы тұжырымдаманы таныстырды

ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі Курчатов қаласында ядролық технологиялар саябағын құру туралы тұжырымдаманы таныстырды

ҚР энергетика және минералдық ресурстар министрлігі "Ядролық технологиялар" техносаябағын құру тұжырымдамасы мен оның техникалық-экономикалық негіздемесін үкіметке таныстырды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 18 Қараша 2004
  • 473
Фото - Caravan.kz

Ұсынылған құжатқа сәйкес, ядролық технологиялар саябағын құру еліміздің Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы аясында жүзеге асыралады және жоғары технологиялық өнеркәсіпті дамытуға, ядролық және аралас технология саласындағы перспективалық жобаларды іске асыруға бағытталады. Бұдан басқа, жобада Курчатов қаласында тиісті деңгейдегі әлеуметтік инфрақұрылым қалыптасрыу мүмкіндіктері қарастырылады.

Сарапшылардың пікірі бойынша, Қазақстанда қазіргі кезде жобаны жемісті іске асыру үшін барлық қажетті тәжірибелер жеткілікті. Атап айтқанда, елімізде инженерлік инфрақұрылымға сәйкес өндірістік, шикізат пен нормативтік-құқықтық база дамыған, сондай-ақ ядролық технология саласында өндірістік мамандар мен білікті ғалымдар бар.
Кеңеске қатысушылар толықтай алғанда ұсынылған тұжырымдаманы мақұлдады, алайда құжат ұйымдастыру сипатындағы бірқатар мәселе бойынша пысықтай түсуді қажет ететіні туралы ортақ пікірге тоқтады. Мәселен, бюджеттік қаржыландырудың нақты сұлбасын әзірлеу туралы, жеке инвестиция тарту перспективасы мен жобаның белгілі бір бөлігін коммерцияландыру туралы әңгіме болды, өйткені ядролық технология саласындағы жұмыс мемлекеттің негізгі құзыреті болып табылады.
Осыған байланысты Даниал Ахметов уәкілетті мемлекеттік органдарға тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, ағымдағы жылдың аяғына дейін жобаны іске асыруға байланысты мәселелерді қосымша зерттеу мүмкіндігін қамтамасыз ету және пысықтаудан кейін оны үкімет қарауына ұсыну туралы тапсырма берді.

Перейти к новостям спорта