ҚР ЕХӘҚМ-де репатрианттар мәселесіне арналған дөңгелек үстел отырысы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ЕХӘҚМ-де репатрианттар мәселесіне арналған дөңгелек үстел отырысы өтті

ҚР ЕХӘҚМ-де репатрианттар мәселесіне арналған дөңгелек үстел отырысы өтті

Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайы аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде «Репатрианттарды әлеуметтік қорғау: тәжірибе,

  • 27 Мамыр 2011
  • 598
Фото - Caravan.kz

сабақтар және проблемалар» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.

Аталмыш басқосуға қатысқан Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрлері Біржан Нұрымбетов пен Серік Ахметов және Қытай, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Алмания, Франция, Иран, Тайвань сынды 25 елден келген қандастарымыздың делегациясы еліміздегі репатрианттарды әлеуметтік қолдау мәселелерін талқылады.

Қазақстанда репатрианттарды әлеуметтік қолдау бойынша үлкен жұмыстар атқарылуда. Оған атамекенге оралған отандастарымыздың жылдам бейімтеліп кетуіне және олардың отбастарын әлеуметтік қолдау бағыттарында соңғы жылдары қабылданған нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ оларды жүзеге асыру бойынша Үкіметтің атқарған нақты істері дәлел.

Бұл салада әлі де қалып отырған түйткілдерді анағұрлым жылдам шешу мақсатында дөңгелек үстел отрысына қатысушылар Қазақстанның мемлекеттік органдарына бірнеше ұсынымдар жасады. Мәселен, Қазақстанның білім және ғылым, сыртқы істер министрліктеріне шет елдерде қазақтар көп шоғырланған аумақтарда қазақстандық тараптың қаржыландыруымен халықаралық келісімдерге сәйкес бөлінетін квоталар шеңберінде қазақ жастарына кәсіби-техникалық білім беру жағдайын қарастыру ұсынымын жасады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының сыртқы істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастық туралы екіжақты келісім жасау мүмкіндігін зерттеуді; Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі мен Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына ұлты қазақ шетелдіктерге тұрғын үйге меншік құқығын беру туралы өзгеріс енгізудің мақсатқа сәйкестігін қарауды; Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігіне — этникалық қазақтарды тарихи отанына көшіру, репатрианттардың Қазақстанда бейімделуі мәселелері бойынша ғылыми, қолданбалы әлеуметтік зерттеулер (өңірлік және елтану аспектілерінде) Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын және басқа да мекемелерді тарта отырып жүргізуді; Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ішкі істер, білім және ғылым министрліктеріне Call-Centre шеңберінде келіп түскен сұрақтарға жедел түрде жауап беруді және қоныс аударушыларға әлеуметтік және еңбек заңнамасы сұрақтары бойынша тұрақты жүйелі түрде ақпарат беруді сұрады.

Дөңгелек үстелге қатысушылар аталған ұсыныстарды орындау қоныс аударушылар мен Қазақстанға ұлты қазақ адамдардың келуін ынталандыратына сенімдерін білдірді. Шараны қорытындылай келе қатысушылар, Қазақстанда қоныс аударушыларды әлеуметтік қолдау жүйесі тұрақты түрде жүзеге асырылып отырғанын және елдің мемлекеттігін күшейтуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Жалпы Республикада қоныс аударушыларды әлеуметтік қолдау жүйесінің өрлеуі позитивтік жетістіктермен және халықтың хал-ахуалының көтерілуіне көзделген мемлекеттің әлеуметтік негізделген саясатымен сипатталады.

Соңғы жаңалықтар