ҚР Елбасы діннің атын жамылған жалған бірлестіктердің іс-қызметіне тосқауыл қою арқылы қарсы тұруға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Елбасы діннің атын жамылған жалған бірлестіктердің іс-қызметіне тосқауыл қою арқылы қарсы тұруға шақырды

ҚР Елбасы діннің атын жамылған жалған бірлестіктердің іс-қызметіне тосқауыл қою арқылы қарсы тұруға шақырды

24-қыркүйекте Астанада Бүкіләлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің құрылтайының жабылуында сөз сөйлеген ҚР Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев діннің атын жамылған жалған бірлестіктердің дүниежүзіндегі саны мен ықпалының артуына ерекше назар аударды.

  • 24 Қыркүйек 2003
  • 576
Фото - Caravan.kz

«Мұндай бірлестіктер әлемнің барлық елдерінде дерлік кездесумен бірге, негізінен қазіргі заманғы қиындықтардың арқасында паразиттік күн кешуде «,- деді Елбасы.

«Олардың басым көпшілігі сәнді бет-пердені жамылып, қитұрқы әрекеттерге барып, уытты идеяларды таратуда. Мұндай нұқсанды әрекеттердің салдарынан тек сенім-нанымның ғана емес, сонымен бірге азаматтық қоғам мен мемлекеттің де өз тұғырынан таю ықтималдығы зор «,- деп атап көрсетті ол.
Осыған байланысты Н.Назарбаев діннің атын жамылған осындай жалған бірлестіктердің әрбір қадамына тосқауыл қою арқылы азаматтарға кері әсеріне қарсы тұруға шақырды.

Соңғы жаңалықтар