ҚР Елбасы еліміздің ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастықты нығайту жолын табанды ұстанатынын жария етті - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Елбасы еліміздің ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және  халықаралық ынтымақтастықты нығайту жолын табанды ұстанатынын жария етті

ҚР Елбасы еліміздің ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастықты нығайту жолын табанды ұстанатынын жария етті

"Қазақстан ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастықты нығайту жолын табанды ұстанады". Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 2-қыркүйекте Ислам Даму банкі басқармалары кеңесінің жыл сайынғы 28-отырысының ашылу салтанатында сөйлеген құттықтау сөзінде атап көрсетті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 2 Қыркүйек 2003
  • 651
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан өзінің іргетасы қаланып тәй-тәй басқаннан бері аймақтық және ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге , халықаралық ынтымақтастық негізін қалап нығайтуға қосатын өзіндік үлесін арттыруға бар күшін салып келеді»,- деді мемлекет басшысы.

«Қазақстан бұдан арықарай да әр халықтар мен әртүрлі мәдениеттер арасындағы ынтымақтастық пен өзара түсіністікті дамытуға , оларды өзара жақындастыруға бағытталған саясатынан ауытқымайды» ,- деп атап көрсетті Елбасы.
Сондай-ақ, Н.Назарбаев осы орайда Қазақстанның ислам және діни экстремизм ұғымдарын өзара сабақтастырмау туралы пікір-көзқарасты дәйекті ұстанатынын баса айтып өтті. Осыған байланысты Елбасы қазіргі таңда елімізде қыркүйек айының соңында Астанада дүниежүзілік діндер құрылтайын өткізуге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын ескертіп өтті. «Бүгінде саясаткердің сөзінен гөрі діни жетекшінің айтар уәжінің салмағы арта түсті»,- деді Н.Назарбаев.
Қыркүйектің 23-24 жұлдызында Астанада өтетін дүниежүзілік дәстүрлі-ұлттық діндер құрылтайына Еуропа, Азия, Таяу Шығыс және Америка құрлығындағы әртүрлі конфессия өкілдерінен 24-тен астам делегация шақырылған. Қазіргі жағдаймен барлық дүниежүзілік діндер мен жетекші конфессиялардың басшылары сьезге қатысуға ниет білдіріп отыр.

Соңғы жаңалықтар