ҚР елшісі мен ТР премьері Қазақстан-Түрікменстан-Иран магистралінің Түркияның теміржол жүйесімен қосылуы перспективасын талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+39 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР елшісі мен ТР премьері Қазақстан-Түрікменстан-Иран магистралінің Түркияның теміржол жүйесімен қосылуы перспективасын талқылады

ҚР елшісі мен ТР премьері Қазақстан-Түрікменстан-Иран магистралінің Түркияның теміржол жүйесімен қосылуы перспективасын талқылады

Анкарада Қазақстанның Түркиядағы елшісі Жансейіт Түймебаев Түрік Республикасының премьер-министрі Реджеп Тайып Ердоғанмен кездесті.

  • 20 Қыркүйек 2013
  • 563
Фото - Caravan.kz

Сұхбат барысында Р.Т.Ердоған қазақстан-түрік қатынастарының дамуын жоғары бағалады, түркі әлеміндегі ҚР Президентінің жоғары беделін, сондай-ақ біздің Мемлекет басшымыздың туысқан түрік халқымен қатынастарды дамытуға және тұтастай алғанда түркі халықтарының бірігуіне қол жеткізуге қосқан зор үлесін атап көрсетті.

Премьер-министр Түркия әрқашан да Қазақстан Президентінің бастамаларын қолдап отыратынын және оның түркітілдес мемлекеттердың топтасуына бағытталған қызметін жоғары бағалайтынын атап өтті.

«Қазақстан Президенті Н.Назарбаев — қазіргі заманның көрнекті тұлғасы және түркі әлемінің ақсақалы. Біз Н.Назарбаевтың халықаралық бастамаларын құптаймыз және қолдаймыз», — деп атап көрсетті Р.Т.Ердоған.

Сұхбаттасушылар екіжақты қатынастардың бүкіл кешені бойынша пікір алмасты, аймақтық көлік жобаларына, соның ішінде Қазақстан қосылатын Баку-Тбилиси-Карс теміржол магистралінің құрылысына баса назар аударды. Осы теміржол магистралін іске қосу екіжақты қатынастарды кеңейтетіні, соның ішінде Ақтауда теңіз терминалын және кеме жасау зауытын салу жобаларын жүзеге асырудың үлкен әлеуеті бар қазақстандық Ақтау портының мүмкіндігін кеңейтетіні аталып өтілді. Сондай-ақ болашақта Қазақстан-Түрікменстан-Иран теміржолын Түркияның теміржол жүйесіне қосу перспективаларына баса көңіл бөлінді.

Түркия премьері кездесу кезінде екіжақты қатынастардың жоғары деңгейін ерекше атап өте отырып, көпжақты саяси ынтымақтастық, сауда-экономикалық, көліктік-коммуникациялық және инвестициялық салалардағы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы бірлескен ірі жобалар мен жоспарлар елеулі ілгерілеуге қол жеткізііп, қазақстан-түрік әріптестігін сапалы жаңа деңгейге шығаруға жәрдемдесетінін атап көрсетті.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың астананы ауыстыру жөніндегі шешімін жоғары бағалай отырып, премьер Астана Қазақстанды жаңартудың символы, жаңа астананы салуға ел үшін қиын кездері кіріскен туысқан халықтың сенімінің символы, жаңа, серпінді дамып келе жатқан Қазақстанның жарқын бейнесі болып табылады деп атап өтті. Астана маңызды халықаралық шараларды лайықты өткізіп келеді. Осыған байланысты ол ағымдағы жылдың мамыр айында өткен Астана экономикалық форумының жұмысын жоғары бағалады.

Қазақстан елшісі премьер-министрге осы жылғы 23-26 қыркүйек күндері ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековтің ресми сапары өтетіні туралы хабардар етті, оның барысында әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы екіжақты қатынастардың өзекті мәселелері талқыланатын болады.


Түрік премьер-министрі екі елдің қорғаныс кешендері ынтымақтастығының жоғары деңгейін атап өтті, түріктің «Отокар» корпорациясының Қазақстан аумағында дөңгелекті бронды техника шығаратын бірлескен кәсіпорын салу ниеті, Астанада Түркияның «Аселсан» жетекші әскери-өнеркәсіптік корпорациясымен бірлесіп, «Қазақстан Аселсан инжиниринг» оптикалық прибор зауытын ашуы және іске қосуы жарқын мысал болады. 2011 жылғы қарашада зауыттың іргетасын қалау рәсімі өтті, 2013 жылғы төртінші тоқсанда оның салтанатты ашылуы болмақ.

Ж.Түймебаев Р.Т.Еродағанға жылы жүзді қабылдау үшін алғыс айтты және Қазақстан мен Түркия арасындағы өзара қарым-қатынастарды дамытуды жалғастыру үшін барлық-күш-жігерін жұмсайтындығына сендірді.

Ол ТР премьер-министріне Елшілік түрік тілінде шығарған ҚР Президенті Н.Назарбаевтың бес томдық таңдамалы шығармаларын, «Қазақстан-Түркия: достық пен ынтымақтастықтың 20 жылы», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев — әлемдік ауқымдағы көшбасшы» кітаптарын сыйға тартты.