Салтанатты рәсім барысында Мажарстан басшылығы аталмыш айрықша белгімен негізінде министрлер марапатталатынын айтып, алғаш рет осы орденді шетел елшісі иемденіп отырғанын айрықша атап өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Осы жоғары дәрежелі орденнің иегерлері болғандар — АҚШ Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс, Чехия Сыртқы істер министрі Карл Шварценберг, Ресей мәдениет министрі Александр Соколов және т.б.
Елші Р.Ыбыраев өз кезегінде, жұмысына осыншама жоғары баға берілгендігіне ризашылығын білдіріп, «бұл награда біріншіден әлемдік сахнадағы Қазақстанның және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгінгі күнгі жеке рөлін танудың айғағы», — деді.