Қазақстан дипломаты бұл марапатқа және Үш жұлдыз Орденінің Командирі лауазымына Латвиядағы елеулі қоғамдық қызметі үшін ие болды.
Дипломат Р. Ыбыраев Латвия президентіне қызметін жоғары бағалағаны үшін алғысын білдіріп, «бұл жоғары марапат, ең әуелі екі жақты қарым қатынастағы Қазақстан мен президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алатын орнына берілген баға», деп атап өтті ол. Оның айтуынша Қазақстан мен Латвияның ынтымақтастығы екі ел халықтарының игілігі үшін қарқынды дамып келеді.
Марапаттау рәсімі салтанатты түрде елдің саяси, іскер орта өкілдерінің қатысуымен Республика күні қарсаңында өтті. Латвияда мемлекттік марапаттау мемлекет үшін маңызды оқиғаларға орайластырылып, жылына екі мәрте өткізіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті