ҚР Еңбек министрлігі халықты жұмыспен қамту тиімділігін көтеру жөнінде арнаулы жоба жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Еңбек министрлігі халықты жұмыспен қамту тиімділігін көтеру жөнінде арнаулы жоба жасады

ҚР Еңбек министрлігі халықты жұмыспен қамту тиімділігін көтеру жөнінде арнаулы жоба жасады

Астана. 22 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты жұмыспен қамту тиімділігін көтеруге бағыталған "Нұрлы көш" атты арнаулы жоба жасады. Бұл туралы аталған мекеменің басшысы Бердібек Сапарбаев Қостанай облысының Рудный қаласында ашылған халықаралық еңбек форумында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 22 Тамыз 2008
  • 419
Фото - Caravan.kz

«Елбасының тапсырмасымен біз «Нұрлы көш» атты арнаулы жоба жасадық «, — деді Б. Сапарбаев.

Оның айтуынша, «жобаға сәйкес, ішкі және сыртқы көші-қон аясында тартылатын жұмыс күші көшбасшы-қалалар мен серіктес қалалардың, жоғары және орташа даму потенциалы бар ауылдық елдімекендер мен шекаралық елдімекендердің айналасында жасақталады».

Министрдің айтуынша, қазіргі күрделі проблемалардың бірі — халықтың жұмыспен қамтылу тиімділігінің төмендігі мен жұмыс күшінің мобильділігінің төмендігі болмақ. «90-шы жылдардың басынан бері өнеркәсіпте еңбек ететін халықтың үлесі 11%-ға төмендеп, ауылшаруашылығында 9%-ға ұлғайып, қазір ол 30%-дан асты. Өздеріңіз көріп отырғандай, еңбегі ауыр әрі өнімділігі төмен салаларда жұмыс істейтіндердің жоғары үлес салмағы сақталып отыр», — деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар