ҚР еңбек сіңірген бапкері Сергей Серіков қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР еңбек сіңірген бапкері Сергей Серіков қайтыс болды

ҚР еңбек сіңірген бапкері Сергей Серіков қайтыс болды

Бүгін ҚР еңбек сіңірген бапкері, педагогикалық ғылымдар кандидаты, «Ертіс-ПМХЗ» БК директоры Сергей Серіков 67 жасына қараған шағында көз жұмды. Бұл туралы республикалық баскетбол федерациясынан хабарлады.

  • 13 Қаңтар 2016
  • 399
Фото - Caravan.kz

Сергей Филиппович Серіков 1983 жылдан бастап Қазақстан халқы спартакиадасының тұрақты жеңімпазы болып табылады. 1997-2007 жылдар аралығында Қазақстан құрамасының бас бапкері болып жұмыс жасады. Оның басшылығымен елдің ұлттық дружинасы Б тобы командасы арасында екі дүркін Азия чемпионатының жеңімпазы, Орталық Азия ойындарының үш дүркін жеңімпазы атанды. Ол басқарған «Ертіс-ПМХЗ»  әйелдерге арналған баскетбол командасы 15 рет Қазақстан чемпионы болып, ҚР Кубогын 4 рет жеңіп алды.

Республикалық баскетбол федерациясы, Сергей Серіков Павлодар облысында және Қазақстанда әйел баскетболының дамуына орасан үлес қосқанын атап өтті.