Г.Қарағұсованың айтуынша, «дәл қазір министрлік Еңбек кодексінің жобасын жасап жатқандықтан, аталмыш заңға түзету енгізу жұмыстары барысында сол түзетулер шынымен қажет пен деген сауал көп қойылды». Министрдің пайымдауынша, «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» заңға енгізілетін өзгерістер Еңбек кодексі қабылданғанға дейін қызмет етіп үлгереді.
Г.Қарағұсованың айтуынша, үкімет Еңбек кодексінің жобасын парламентке биылғы жылдың ІҮ тоқсанында ғана енгізеді. «Салық кодексі бойынша жұмыс барысы көрсетіп бергеніндей, мұндай заңдарды қабылдауға біраз уақыт керек». Мәселен, министрдің айтуынша, Салық кодексін талқылау жұмыстары 8 айға созылған. «Дегенмен, Салық кодексі қазақстандықтардың мүддесін жаппай көздеген жоқ, ал Еңбек кодексінің еліміз тұрғындары үшін басым маңызын ескерсек, парламенттегі жұмыс барысы тіптен ұзаққа созылатыны түсінікті»,- деді ол. Сол себепті, министрдің пайымдауынша, «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» заңға түзетулер енгізу қажет.