«Samsung компаниясының Samsung Galaxy Note 7 маркалы ұялы телефонына байланысты ресми мәлімдемесі негізінде ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті Samsung Galaxy Note 7 ұялы телефоны бар экипаж мүшелерінің ұшу кезінде құрылғыны қолданбауларына кеңес береді», делінген хабарламада.
Сондай-ақ, әуе кемесінің бортында болған кезде бұл телефонды өшіріп қою керек және қуаттауға да болмайды. Оны тіркелген жүкке қосып салмаған жөн.
«Егер, құрылғы қызып, түтіндей бастаса немесе жоғалтып алған жағдайда міндетті түрде ұшақтың экипаж мүшелеріне хабарлау керек. Тиісті ұсыным Қазақстанның барлық әуе компанияларына жіберілді», деп хабарлады министрлік.