Алматы облысы Панфилов ауданындағы «ТАК Қазавиа» ЖШС-не қарасты ЯК-12 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті тергеу аяқталғанша Қазақстан аумағында ЯК-12 ұшақтарын пайдалануды тоқтатты. Аталмыш оқиға бойынша тергеу амалдарын бастаған Өкілетті орган ҚР ИДМ-нің Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаменті. Еске сала кетейік, 2017 жылдың 27 шілдесінде ЯК-12 ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан 2 адам қаза тапты. Ұшақ авиахимиялық жұмыстарды атқарып жүрген.