Қазір 2 есептік көрсеткіш мөлшерінде пара алғандарға қылмыстық жауапкершілік жүктеледі.
ҚР ІІМ-нің пікірінше, «егер пара мөлшері 20 есептік көрсеткішті (17 мың теңге) құраған жағдайда айыптыларға жүктелетін жазаны әкімшілік соттар арқылы шешуге болар еді». Сондай-ақ, министрдің пайымдауынша, «мұндай жағдайда 3 мың долларға дейінгі мөлшерде жоғары айыппұл белгілеп, ондай адам айыппұлдан кейін міндетті түрде мемлекеттік қызметтен босатылуы тиіс». Айыптау жүйесі осылайша өзгерген жағдайда , министрдің пайымдауынша, «қоғам ұтады».
Министрдің мәліметіне жүгінсек, қазіргі жағдаймен «15 мың теңгеге дейінгі мөлшерде пара алған 823 адам 1-3 жылға дейінгі мерзіммен түрмеде отыр». Осындай мәліметті жария еткен министр парақорларға мұндай жаза қолданудың қажеті бар ма деген сауалды депутаттарға тастады.