ҚР ІІМ 20 есептік көрсеткішке дейін пара алғандарға жүктелетін қылмыстық жауапкершілікті әкімшілік жауапкершілікке ауыстыруды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ІІМ 20 есептік көрсеткішке дейін пара алғандарға жүктелетін қылмыстық жауапкершілікті әкімшілік жауапкершілікке ауыстыруды ұсынады

ҚР ІІМ 20 есептік көрсеткішке дейін пара алғандарға жүктелетін қылмыстық жауапкершілікті әкімшілік жауапкершілікке ауыстыруды ұсынады

20 есептік көрсеткішке дейін пара алғандарға жүктелетін қылмыстық жауапкершілікті әкімшілік жауапкершілікке ауыстыру қажет. Бүгін, 24-қарашада мәжілісте өткен үкіметтік сағатта ҚР ішкі істер министрі Зауытбек Тұрысбеков осындай пікір білдірді.

  • 24 Қараша 2003
  • 408
Фото - Caravan.kz

Қазір 2 есептік көрсеткіш мөлшерінде пара алғандарға қылмыстық жауапкершілік жүктеледі.

ҚР ІІМ-нің пікірінше, «егер пара мөлшері 20 есептік көрсеткішті (17 мың теңге) құраған жағдайда айыптыларға жүктелетін жазаны әкімшілік соттар арқылы шешуге болар еді». Сондай-ақ, министрдің пайымдауынша, «мұндай жағдайда 3 мың долларға дейінгі мөлшерде жоғары айыппұл белгілеп, ондай адам айыппұлдан кейін міндетті түрде мемлекеттік қызметтен босатылуы тиіс». Айыптау жүйесі осылайша өзгерген жағдайда , министрдің пайымдауынша, «қоғам ұтады».
Министрдің мәліметіне жүгінсек, қазіргі жағдаймен «15 мың теңгеге дейінгі мөлшерде пара алған 823 адам 1-3 жылға дейінгі мерзіммен түрмеде отыр». Осындай мәліметті жария еткен министр парақорларға мұндай жаза қолданудың қажеті бар ма деген сауалды депутаттарға тастады.

Соңғы жаңалықтар