«Өткен аптада Алматы қаласында «Адам құқының хартиясы» қоғамдық қорының кеңсесінде ішкі істер министрлігі жанындағы полиция қызметін қадағалау бойынша қоғамдық кеңес мүшелерінің отырысы болып өтті. Онда азаматтық қоғам өкілдерін алдын-ала қамау орындарында қоғамдық бақылау жүргізуге өкілеттік беретін заңдарды жасау және жүзеге асыру мәселелері қарастырылды. Қазіргі уақытта біз үшін жаңа жобаның заңдық сараптамасы жүргізіліп жатыр», — деді Бағдат Қожахметов.
Ол бұл бастаманың көптеген үкіметтік емес ұйымдар мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Алматы қаласындағы өкілдігі тарапынан ұсынылғанын еске салып өтті. «ІІМ-нің басшылығы мұны толығымен қолдады», — деп атап өтті министрлік өкілі.
Сондай-ақ, Бағдат Қожахметовтың мәліметі бойынша, осы жиналыста қоғамдық кеңес мүшелері ІІМ-не медициналық сауықтыру орындарын Денсаулық сақтау министрлігінің билігіне, ал уақытша оқшаулау және кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған бейімдеу орталықтарын Білім және ғылым министрлігінің иелігіне беруді ұсынған. «Аталмыш ұсыныстар қазір кеңес тарапынан тиісті қызығушылық танытқан қызметтер мен ұйымдарға таратылуда», — деп сөзін сабақтады Б. Қожахметов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті