Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тұтқындау шарасы 23-қарашаға қараған түнде жүзеге асырылды. Операцияға «Сұңқар» тобы, ҚР ІІМ-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі оңтүстік аймақтық басқармасының оперативтік топтары мен ҚР ІІМ-нің аса қауіпті қылмыстармен күресті үйлестіру орталығының қызметкерлері қатысты.
Бес қылмыскер Таугүл ауылында Германия азаматы жалдап тұратын жеке меншік үйге қарақшылық шабуыл жасамақшы болып жатқан жерінен қолға түсті. Ұсталғандардан 9 оғы бар ПМ тапаншасы, екі аңшы пышағы, газ баллоны, пластик терезелерді жағуға арналған аспаптар тәркіленді.
ҚР ІІМ-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі оңтүстік аймақтық басқармасының мәліметі бойынша, құрықталған қылмыстық топ осыған ұқсас басқа да бірнеше қылмысқа қатысты деген күдік бар.