Орталық құру мақсаты — Орталық Азия елдерінің полиция қызметкерлерін адам саудасымен және заңсыз көші-қонмен күрес бойынша кәсіби шеберлікке баулу және білім деңгейін көтеру болып табылады. Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тәртіп сақшыларын оқыту үшін шетелдік мамандар шақырылатын болады.
Қазақстандағы АҚШ елшісі мен Халықаралық көші-қон ұйымы миссиясының жетекшісі орталық құру туралы бастаманы құптады. «Жобаны жүзеге асыруға атсалысатын АҚШ-тың тиісті құрылымдары бұл мәселені таяу уақыттарда қарайды»,- делінген хабарламада.