ҚР ІІМ депутат Клименконың өлімін оның кәсіби қызметіне байланысты емес деп есептейді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ІІМ депутат Клименконың өлімін оның кәсіби қызметіне байланысты емес деп есептейді

ҚР ІІМ депутат Клименконың өлімін оның кәсіби қызметіне байланысты емес деп есептейді

Тергеу депутат Александр Клименконың өлімін оның кәсіби қызметімен байланыстырмайды. Бұл туралы бүгін Астанада Ішкі істер министрлігінде болған баспасөз мәслихатында Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті бастығының орынбасары Қаламқас Темірова мәлім етті.

  • 29 Маусым 2011
  • 419
Фото - Caravan.kz

«Атбасар ауданының облыстық депутатын өлтіру фактісі бойынша, қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып отыр. ІІМ және облыстық ІІД тәжірибелі қызметкерлерінен құралған жедел тергеу тобы құрылды. Қылмысты ашу және оған қатысты тұлғаларды ұстауға бағытталған кешенді жедел іс-шаралары жүргізілуде. Тергеу депутат Александр Клименконың өлімін оның кәсіби қызметімен байланыстырмайды», — деп хабарлады журналистер алдында Қ. Темірова.

Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Александр Клименконы үйінде бетперде киген біреулер атып кеткен болатын. Атбасар ауданының Новосельское ауылында тұратын халық қалаулысы кәсіпкерлікпен де айналысқан.

Соңғы жаңалықтар