А.Сатиннің айтуынша, қылмыскерлер жоғары дамыған елдерде кеңінен таралған «роуминг саласындағы алаяқтық» атты схеманы пайдаланған. Алаяқтар өтірік адамдардың атынан Қазақстандық ұялы телефон байланысы операторларының sim-карталарын үлкен көлемде сатып алып, оларды халықаралық роумингіге қосып қоятын болған. Кейін бұл карталар шетелдерге шығарылып, активтендіру арқылы ұзаққа созылатын телефон байланысында пайдаланылған. Оны «телефон арқылы сексуалдық қызмет көрсетумен» шұғылданатын жеке меншік телефон компаниялары пайдаланып келген көрінеді. Нәтижесінде аталмыш компаниялар
Ұлттық ұялы телефон байланысы операторларынан төлем талап ететін болған. Осындай жолмен тапқан ақшаның бір бөлігін олар алдын-ала уағдаластыққа сәйкес алаяқтармен бөлісіп отырған. Ал Ұлттық ұялы телефон байланысы операторлары өз кезегінде sim-карталарды иемденетін Қазақстандық операторлардан 1 млн. доллар көлемінде қаржы талап еткен.
А.Сатиннің мәліметіне жүгінсек, алаяқтардың sim-карталарды сатып алуға жұмсаған қаржысы 75 мың долларға жетсе, жалпы тапқан пайдасының мөлшері роуминг бойынша жұмсаған шығынның 25 процентін ғана құраған.
А.Сатиннің айтуынша, мұндай алаяқтық әрекеттің шығуына мынадай ахуал әсер еткен: роумингтік телефон байланысы туралы ақпараттар Қазақстандық операторларға біраз уақыт кешігіп жеткізіледі, ал, қызмет түрлері қоржынын сатып алу жөніндегі келісімге сәйкес компаниялар жекелеген номерлерді үзіп тастай алмайды.
Қазіргі жағдаймен полиция аталмыш қылмыстық топқа біріккен бес адамның екеуін, соның ішінде бір Пәкістан азаматын ұстады. А.Сатиннің айтуынша, осындай қылмыстар басқа ТМД елдерінде де жасалады. Алайда, солардың арасынан бірінші болып Қазақстандық тәртіп сақшылары қылмыскерлерді қолға түсірді.