Бүгінде бөлімшелерді жаңарту жөніндегі тәжірибелік жоба Астанада жүзеге асырылуда. Мәселен, Елордасында көші-қон полициясының бір бөлімшесінің орнына 9 пункт жұмыс істейді. Азаматтарға қызмет көрсететін бірнеше терезенің жұмыс істеуі мен компьютерлендірілген жүйе кезектерден құтылуға жол ашты. Министрдің айтуынша, «бұған дейін күніне жүздеген адам кезекте тұратын».
«Тәжірибелік жоба жетілдіріле сала оны республиканың барлық облыс орталықтарына ұсынатын боламыз»,- деді З.Тұрысбеков. Оның айтуынша, аймақтардағы көші-қон полициясы бөлімшелерін жаңалау жұмыстары «тиісті қаржы бюджетке аударылғаннан кейін, яғни, 2005-жылдан бастап қолға алынады».
Ал Астана қалалық ІІББ бастығы Серімжан Досымовтың хабарлауынша, Елордасындағы көші-қон полициясы бөлімшелерін жаңартуға 7 млн. теңге жұмсалған.