ҚР ІІМ Интерполға адамның жеке басын идентификациялау жүйесін ұсынбақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ІІМ Интерполға адамның жеке басын идентификациялау жүйесін ұсынбақшы

ҚР ІІМ Интерполға адамның жеке басын идентификациялау жүйесін ұсынбақшы

Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы - Интерполдың бас хатшылығының Қалқан деп аталатын жобасы аясында жұмыс бабындағы алғашқы кездесу барысында ҚР ІІМ Интерполға адамның жеке басын биометриялық идентификациялау жөніндегі ұлттық жүйені пайдалануға ұсынбақшы. Бұл туралы бүгін, 20-сәуірде Алматыда "Орталық Азиядағы лаңкестік" тақырыбындағы кездесудің ашылуында ҚР Ішкі істер вице-министрі Анатолий Выборов журналистерді құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 20 Сәуiр 2005
  • 811
Фото - Caravan.kz

Интерполдың мұндай жоғары деңгейдегі кеңесі елімізде алғаш рет өткізіліп отырғанын атап көрсеткен А.Выборов «бұл бас қосу оперативтік сипаттағы ақпараттардың біртұтас кеңістігін қалыптастыруға серпін береді және соның арқасында құқық қорғау мекемелерінің лаңкестік оқиғалардың алдын алу бағытындағы іс-қызметін пәрмендендіруге түрткі болады» дегенге сенім білдірді. Интерпол осындай мақсатпен 2006-жылдың қаңтар айынан бастап «Қалқан» операциясын қолға алады. Шара лаңкестік топтардың әрекетіне тосқауыл қоюға бағытталған ақпараттармен алмасу мақсатын көздейді.

Кездесудің ашылуында Интерполдың бас хатшылығы директорының орынбасары Младлен Вуланек сөз сөйледі. Ол бүгінгі таңда халықаралық лаңкестік пен есірткі саудасымен күрестегі өзекті проблемалардың бірі — жасанды құжаттардың кеңінен етек алуы деп атап өтті. Лаңкестік көріністерімен алғаш рет бетпе-бет келген елдерге көмек көрсеу үшін Интерпол аясында талдаушылар тобы құрылады. Топ әр елдің құқық қорғау мекемелеріне түрлі мәселелер бойынша нұсқаулар береді.
М.Вуланек лаңкестік ұйымдармен күрестің пәрмендене түсуі — жалпыәлемдік ағымға сай екенін атап өтті. Биыл түрлі елдердің тәртіп сақшылары лаңкестік топтардың мүшелерін әшкерелеу ісінде табысқа қол жеткізгенін тілге тиек етті.
Интерпол бюросының Қазақстандағы ұлттық орталығының жетекшісі Әміржан Тоқсанбаевтың ақпаратына сәйкес, 2005-жылғы бастапқы үш айда түрлі қылмыстарға қатысы бар 13 Қазақстан азаматы шетелдерден табылып экстрадицияланған. Жалпы алғанда Интерпол базасындағы тізімде Қазақстанның 130 азаматының аты бар. Соның ішінде 19 адам тұтқындап Қазақстанға экстрадициялау жөніндегі «қызыл бюллетеньге», ал 115 адам жүрген жерін анықтау жөніндегі «көк бюллетеньге» енгізілген.
Интерполдың кездесуі жабық есік жағдайында өткізілуде. Бақылаушы ретінде оған БҰҰ мен Шанхай ынтымақтастығы ұйымының өкілдері қатысуда.

Перейти к новостям спорта