ҚР ІІМ Ішкі әскерінен құрылған комиссия Астана маңындағы жаттығулар полигонынан 150-дей жарылмаған оқ-дәрі тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ІІМ Ішкі әскерінен құрылған комиссия  Астана маңындағы жаттығулар полигонынан 150-дей жарылмаған оқ-дәрі тапты

ҚР ІІМ Ішкі әскерінен құрылған комиссия Астана маңындағы жаттығулар полигонынан 150-дей жарылмаған оқ-дәрі тапты

ҚР ІІМ Ішкі әскерінен құрылған комиссияның тексеруі нәтижесінде Астана маңындағы жаттығулар полигонынан 150-дей жарылмаған гранатомет оқ-дәрісі табылды. Бұл туралы бүгін, 7-шілдеде әскери кеңес мәжілісінің қорытындысы бойынша өткізілген баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің бас қолбасшысы Қайырбек Сүлейменов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 7 Шiлде 2004
  • 470
Фото - Caravan.kz

Қ.Сүлейменовтың айтуынша, 2004-жылдың мамыр айында полигонда болған оқыс оқиғадан кейін тексеру жүргізуге шешім қабылданған.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылғы 17-мамыр күні ҚР ІІМ Ішкі Әскерлерінің бір әскери бөлімшесінде атысқа дайындық барысында полигон аумағынан жауынгерлер тауып алған ГП-25 гранатометының 40 миллиметрлік оқ-дәрісі жарылған. Жарылыс салдарынан 15 адам жараланды, олардың төртеуі ауыр жарақаттанған.
Қ.Сүлейменовтың айтуынша,төтенше жағдайдың шығуына «Ішкі әскерлердің қолбасшылығы да кінәлі». «Бұл полигонда Астанадағы барлық күш құрылымдары атыстар өткізеді. Сол себепті біз осындай атыстардан кейін бәрі де полигонды тазартуы тиіс деген талап қоюымыз қажет еді»,- деді ол.
Қ.Сүлейменовтың хабарлауынша, Ішкі әскер қызметкерлері бұдан былай республиканың барлық оқу-жаттығу полигондарында осындай тексерулерді жүзеге асырып отыратын болады.

Перейти к новостям спорта