Жарияланды: 550

ҚР ІІМ кәсіпкердің отбасы мүшелерін өлтіру ісі бойынша түсініктеме беруден бас тартуда - Қожахметов

Астана. 10 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ҚР ІІМ Астанада кәсіпкердің отбасы мүшелерін өлтіру ісі бойынша түсініктеме беруден бас тартуда. Бұл туралы ҚР ІІМ тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Бағдат Қожахметов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Кәсіпкер Есемсейітовтар отбасының мүшелері - бір әйел мен балаларды өлтіруге қатысты айуандық іс бойынша біз моральдық-этикалық көзқарас тұрғысынан тергеу барысы жайында түсініктеме беруден бас тартып отырмыз. Соған сәйкес іс сотқа өткерілген кезде ғана хабарлама беретін боламыз. Істі тергеу аяқталып, айыптау қорытындысы дайындалып, іс сотқа берілген кезде ғана біз ол туралы түсініктеме бере аламыз", - деді Б. Қожахметов. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін