ҚР ІІМ коллегиясының кеңейтілген отырысында мемлекет басшысының талаптарын ескере отырып заңдылықты, құқық пен тәртіпті нығайтуға бағытталған мақсаттар талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ІІМ коллегиясының кеңейтілген отырысында мемлекет басшысының талаптарын ескере отырып заңдылықты, құқық пен тәртіпті нығайтуға бағытталған мақсаттар талқыланды

ҚР ІІМ коллегиясының кеңейтілген отырысында мемлекет басшысының талаптарын ескере отырып заңдылықты, құқық пен тәртіпті нығайтуға бағытталған мақсаттар талқыланды

Бүгін, 11-қыркүйекте Астанада ҚР ІІМ коллегиясының кеңейтілген отырысы өтті. Онда "10-қыркүйекте өткен құқық қорғау органдары басшыларының республикалық кеңесінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойған талаптарын ескере отырып заңдылықты, құқық пен тәртіпті нығайтуға бағытталған мақсаттар талқыланды",- делінген ҚР ІІМ-нен таратылған хабарламада.

  • 11 Қыркүйек 2003
  • 541
Фото - Caravan.kz

ІІМ-нің коллегиясы заңдылықты сақтау және тәртіпті нығайту мәселелерін шешуге бағытталған жаңа әдістемелерді айқындады. Баспасөз баянында атап көрсетілгеніндей, «қылмыстық істерді тексеру мен жедел іздестіру шаралары барысында заңдылықтың сақталуына бақылауды күшейтуге бағытталған нақты шаралар белгіленді».

Қылмыстық ахуалды сауықтыруға бағытталған жұмыстар тиімділігінің төмендігіне түрткі болып отырған басты себеп — ішкі істер мекемелері тарапынан басқа мемлекеттік құрылымдармен, жергілікті билік органдарымен және жұртшылықпен байланыстың осалдығы деп танылды. Осыған байланысты ішкі істер органдары басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Оларды жүзеге асыру нәтижесінде қазіргі ахуал өзгеріп, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу проблемасының түйінін шешу бірінші кезекке қойылуы тиіс,- деп хабарлайды ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар