Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, күш құрылымы құс тұмауына қатысты қолайсыз ахуал қалыптасуына байланысты осындай ұсыныс енгізіп отыр.
Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары Павлодар,Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында құс тұмауы тіркелуге байланысты мал дәрігерлік және санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау қызметтеріне эпидемияға және эпизоотияға қарсы шараларды жүзеге асыруға қолғабыс көрсетуде.
Құс тұмауына қатысты карантин енгізілген барлық елді мекендердегі карантиндік бекеттерде ішкі істер мекемелерінің 30-дай қызметкері мал дәрігерлік қызмет мамандарымен бірге жұмыс істеп жатыр.
Ал республиканың басқа облыстарында әрбір елді мекендегі аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері мал дәрігерлік және санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау қызметтеріне профилактикалық шараларды жүзеге асыруға жәрдемдесуде.