ҚР ІІМ мектептердегі полиция инспекторларының санын арттыру қажет деген пікірде - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ІІМ мектептердегі полиция инспекторларының санын арттыру қажет деген пікірде

ҚР ІІМ мектептердегі полиция инспекторларының санын арттыру қажет деген пікірде

Астана. 1 желтоқсан. "Қазақстан бүгін"- ҚР ІІМ Бауыржан Мұхамеджанов мектептердегі полиция инспекторларының санын арттыру қажет деген пікірде. Бұл туралы ол бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 1 Желтоқсан 2008
  • 533
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, қазір республикада 1195 мектеп инспекторы жұмыс істейді.

Министр Астана мен Алматы қаласының әкімдеріне осы екі қаладағы барлық жалпы білім беретін мекемелерде әкімдердің тікелей қолдауымен мектеп инспекторлары енгізілгендігі үшін ризашылық білдірді. «Соның нәтижесінде мектеп оқушылары жасаған қылмыстар саны Астанада 60%, Алматыда 63,5% азайды», -деді ІІМ басшысы. Мектеп инспекторларын енгізу идеясын облыс әкімдері де қолдап отырғанын айтқан Б.Мұхамеджанов үкімет басшысынан оларға инспекторлардың санын арттыруға рұқсат беруді сұрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар