«ҚР ІІМ мен Агенттіктің қылмыскерлерді іздестіру саласындағы жұмыс сапасы қазіргі заман талабына сай келмейтінін біз мойындаймыз»,- деді Ә.Жүкенов. «Қылмыскерлердің кейбір бөлігінің ұсталмай, жаза жүктемей кетуіне құқық қорғау мекемелерінің немқұрайдылығы әсер етіп отыр»,- дейді ол.
Бас прокурор орынбасарының пікірінше, еліміз бойынша тіркелген қылмыстар санының азаю факторы іздестіру тиімділігін арттыруға түрткі болуы тиіс. Алайда, прокуратура мәліметіне сәйкес, бұған дейін іздеу жарияланған адамдардың ұсталу көрсеткіші 2003-жылы 2002-жылғымен салыстырғанда 2,1 процентке азайған. Прокуратурадағылардың пікірінше, бұған басты себеп — ІІМ мен Агенттік құрылымында іздестіру шараларымен арнайы мамандандырылмаған бөлімшелердің айналысуында болмақ. «Олар үшін іздестіру шараларын кейінгі орынға қарай ысыра салу әдетке айналған»,- деді Ә.Жүкенов.
Прокуратура ақпаратына сәйкес, 2003-жылы іздеуде жүрген 9977 адам ұсталды. Олардың арасында кісі өліміне қатысы бар күдіктілер санатындағы 89, кісі зорлаған 61, тонаушылық және қарақшылық шабуыл оқиғаларына қатысы бар 69 күдікті бар. 2003-жыл басындағы жағдаймен іздеудегі қылмыскерлер санатында 13929 адам болды.