ҚР ІІМ мен Қырғызстанның есірткіні бақылау агенттігінің қызметкерлері бірлесіп есірткі сатушыны құрықтады

Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылының 43 жастағы тұрғыны Қырғызстаннан есірткі тасымалдап, оны Қазақстан аумағында сатып жүрген. Оның тұрғылықты жерінен 1 килограмм 390 грамм героин табылып тәркіленді. Есірткі сатушы Бішкекке келген кезінде қолға түсіп, қылмысын мойындады.