ҚР ІІМ мүдделі мемлекеттерге халықаралық негізгі есірткі тасымалы жолдарында арнаулы бекеттер құруды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ІІМ мүдделі мемлекеттерге халықаралық  негізгі есірткі тасымалы жолдарында арнаулы бекеттер құруды ұсынады

ҚР ІІМ мүдделі мемлекеттерге халықаралық негізгі есірткі тасымалы жолдарында арнаулы бекеттер құруды ұсынады

ҚР ІІМ-нің есірткі саудасымен күрес және есірткі айналымына бақылау қою жөніндегі комитеті мүдделі мемлекеттердің қатысуымен халықаралық негізгі есірткі тасымалы жолдарында арнаулы бекеттер құру қажет деп пайымдайды. Бұл туралы бүгін, 25-қарашада "ТМД-ға қатысушы елдер аумағындағы есірткі саудасымен күрес тәсілдері, тәжірибесі және ақпаратпен бөлісу" тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік бас қосуда сөз сөйлеген комитет төрағасының орынбасары Ғалым Мұстафин мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Қараша 2004
  • 390
Фото - Caravan.kz

Ғ.Мұстафиннің пікірінше, осындай бекеттердің бір бөлігін Ауғанстан,Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстанда құруға болады.

Сондай-ақ, комитет төрағасының орынбасары есірткі саудасына қарсы күрес шараларының аясында құқық қорғау мекемелері арасындағы халықаралық байланыстарды күшейту жөнінде пікір білдірді.
Ғ.Мұстафиннің айтуынша, қазіргі ахуалда есірткі саудасымен күреске «ғылыми көзқарас» қажет. Осыған байланысты «ҚР ІІМ-нің жанынан есірткі саудасымен күрес проблемаларын зерттейтін институт құру мәселесін қараған жөн». Бұл жұмысқа құқық қорғау мекемелерінде қазір жұмыс істейтін және одан запасқа шығарылған қызметкерлерді тарту қажет, өйткені олар «теңдессіз тәжірибе жинақтаған адамдар»,- деді Ғ.Мұстафин.

Перейти к новостям спорта