ҚР ІІМ өз қарамағындағыларға спортпен айналысу және арықтау туралы қатаң тапсырма жүктеді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ІІМ өз қарамағындағыларға спортпен айналысу және арықтау туралы қатаң тапсырма жүктеді

ҚР ІІМ өз қарамағындағыларға спортпен айналысу және арықтау туралы қатаң тапсырма жүктеді

"Қарны қабақтай полиция қызметкерлері азаматтардың сеніміне ие бола алмайды", сол себепті ішкі істер мекемесінің қызметкерлері міндетті түрде спортпен шұғылдануы тиіс. Бұл туралы ҚР ІІМ Зауытбек Тұрысбеков бүгін, 30-желтоқсанда Талдықорғанда Алматы облыстық ІІББ-ның жаңа бастығы Қалмұханбет Қасымовты мекеменің қызметкерлері құрамына таныстырған кезде атап көрсетті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 30 Желтоқсан 2003
  • 1174
Фото - Caravan.kz

З.Тұрысбековтың айтуынша, «қарны салақтаған полиция қызметкері құқық пен тәртіпті қорғауға қабілетсіз келетіні мәлім. Оның үстіне сіздердің денсаулықтарыңыз маған емес, өздеріңізге керек». Спортпен шұғылдану үшін сарп етілген мерзім полиция қызметкерлерінің жұмыс уақытына қосылады.

Осы орайда министр ІІМ жүйесінің ішкі реформасының маңызына тағы бір тоқтала отырып, полицияның жұмысы көбінесе қылмыстардың алдын алуға бетбұрыс жасайтынын атап өтті. Бұл ретте учаске инспекторлары мен жасөспірімдермен жұмыс жөніндегі инспекторлар тәрізді әкімшілік полиция қызметтері негізгі звеноға айналмақ. Инспекторлардың құзырет аясы кеңейтіліп, олар «өз учаскесіндегі ахуалға толыққанды қожайындық жасайтын болады». Осы орайда министр жуырда мектеп инспекторларына жұмыс істете бастаған Талдықорған қалалық ІІБ-ның жаңалығын ерекше атап өтті.
З.Тұрысбеков сондай-ақ, кешікпей ол басқаратын министрлік қызметкерлерінің саны 30 процентке қысқаратынын хабарлады. Оның айтуынша, қысқартуға көбінесе зейнет жасына жеткен және аттестациялаудан өтпеген адамдар ілігеді.
Жол полициясы департаменті министрдің төтенше бақылауы астында және оның тікелей қорғауында жұмыс істейтін болады деді ол. 2004-жылдан бастап департамент қызметкерлерін жұмысқа қабылдау және оларды жұмыстан шығару жұмыстары орталықтандырылған тәртіппен жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар