ҚР ІІМ Қазақстанда тізгіні оң жақта орналасқан автокөліктерді мінуге 2010-жылдың басынан бастап тыйым салу ниетінен бас тартқан жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ІІМ Қазақстанда тізгіні оң жақта орналасқан автокөліктерді мінуге 2010-жылдың басынан бастап  тыйым салу ниетінен бас тартқан жоқ

ҚР ІІМ Қазақстанда тізгіні оң жақта орналасқан автокөліктерді мінуге 2010-жылдың басынан бастап тыйым салу ниетінен бас тартқан жоқ

АСТАНА. 8-қаңтар. Kazakhstan Today. ҚР ІІМ Қазақстанда тізгіні оң жақта орналасқан автокөліктерді мінуге 2010-жылдың 1-қаңтарынан бастап тыйым салу ниетінен бас тартқан жоқ. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ жол полициясы комитетінің төрағасы Өмірзақ Түсімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 8 Қаңтар 2007
  • 416
Фото - Caravan.kz

Ө.Түсімовтың айтуынша, осыған байланысты министрлік бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізбекші. Оның нақтылауынша, қазір осындай бір заң жобасы үкіметтің қарауында жатыр. «Сөйтіп тізгіні оң жақта орналасқан автокөліктерді мінуге тыйым салу туралы шешімді үкімет емес, парламент қабылдайды»,- деді журналистер сауалына жауап берген Ө.Түсімов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта