ҚР ІІМ Талғар аудандық ІІБ-ның уақытша тергеу абақтысынан қылмыскерлер тобының қашып кетуіне кінәлі алты полиция қызметкерін жұмыстан шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ІІМ Талғар аудандық ІІБ-ның уақытша тергеу абақтысынан қылмыскерлер тобының қашып кетуіне кінәлі алты полиция қызметкерін жұмыстан шығарды

ҚР ІІМ Талғар аудандық ІІБ-ның уақытша тергеу абақтысынан қылмыскерлер тобының қашып кетуіне кінәлі алты полиция қызметкерін жұмыстан шығарды

ҚР ІІМ Зауытбек Тұрысбеков пен Алматы облыстық ІІББ-ның бастығы Қалмұхамбет Қасымовтың бұйрығымен қызмет бабындағы міндеттеріне немқұрайды қараған Талғар аудандық ІІБ-ның 6 қызметкері жұмыстан шығарылды. Олар жергілікті тергеу абақтысында қамауда отырған қылмыскерлер тобының қашып кетуіне жол берген. Бұл туралы KZ-today тілшісіне бүгін, 24-ақпанда ҚР ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 24 Ақпан 2004
  • 747
Фото - Caravan.kz

ІІМ-нің ақпаратына сәйкес, 2004-жылдың 14-ақпанында Талғар аудандық ІІБ-ның уақытша тергеу абақтысынан үш тұтқын қашып кеткен. Олардың бірі кісі өліміне қатысы бар күдікті болса, екіншісі тонаушы көрінеді. Үшінші Ресей азаматы кезбелігі үшін уақытша тергеу абақтысына қамалған.

Шұғыл іздесіру шараларының нәтижесінде 16-ақпанда қашқындар қолға түсті. Қызмет бабындағы тексерулер нәтижесінде белгілі болғанындай, «мұндай төтенше жағдайдың шығуына уақытша тергеу абақтыларын жабдықтау, қамауда отырған адамдарды қорғау және қадағалау жөніндегі норматив талаптары мен нұсқауларын өрескел бұзу оқиғасы себепкер болса керек»,- деп хабарлайды ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінен. Осыған байланысты Талғар аудандық ІІБ-ның бастығы, уақытша тергеу абақтысының бастығы мен оның орынбасары бастаған 6 адам жұмыстан шығарылды. Алматы облыстық ІІББ-ның бірқатар басшылары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Талғар аудандық уақытша тергеу абақтысынан қылмыскерлер тобының қашып кету дерегіне қатысты қызмет бабындағы тексеру материалдары қылмыстық іс қозғап тексеру мақсатымен ҚР ІІМ-нің тергеу департаментіне жіберілді.

Соңғы жаңалықтар