ҚР ІІМ жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы болып Ирак Елекеев сайланды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ІІМ жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы болып Ирак Елекеев сайланды

ҚР ІІМ жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы болып Ирак Елекеев сайланды

Астанада министр Қалмұханбет Қасымовтың басшылық етуімен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жанындағы Қоғамдық Кеңестің қатысуымен өтті, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

  • 22 Қараша 2012
  • 365
Фото - Caravan.kz

Кеңестің отырысында ІІМ жанындағы Қоғамдық кеңес құрудың басты мақсаты ішкі істер органдарының практикалық қызметімен азаматтардың, жұртшылықтың неғұрлым келісімге жетуі болып табатыны атап өтілді.. Қоғамдық Кеңес ішкі істер органдары қызметіне байланысты қандайда болмасын мәселер бойынша азаматтардың пікірін талдап, қорытып отырады.

Отырыста Кеңестің төрағасы болып қоғам қайраткері, журналист Ирак Елекеев сайланды, азаматтық қоғам мен ІІМ арасында ықпалдастықтың тиімділігін арттыруды қарастыратын жұмыс жоспары бекітілді.

Кеңестің мүшелері Ішкі істер министрлігі жанындағы осы қоғамдық органның жұмысын жаңғыртудағы өзектілікті және құқықбұзушылықтың алдын-алу мен қылмысқа қарсы күрес, тәртіпті және полиция қызметінде заңдылықты бекіту, халықтың құқықтық мәдениетін, полицей мамандығының беделін және құқыққорғау органдарына деген сенімді арттыру саласында сындарлы негізді қалыптастыруда жұртшылықтың қатысуын атап өтті.

Ішкі істер министрі атап өткендей, қоғам полицияға сенім білдіру қажет, ал полиция тәртіп шебінде нық тұруы қажет. Осы орайда ІІМ азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау, халықтың полицияға деген сенім дәрежесін арттыру үшін Кеңестің жұмысын анағұрлым тиімді және жүйелі етіп ұйымдастыруды қолға алып отыр.

Кеңестің отырысына белгілі қоғам қайраткерлері, депутаттық корпустың, бұқаралық ақпарат құралдарының, үкіметтік емес ұйымдардың және ғылыми ортаның өкілдері қатысты, яғни олардың арасында Қазақстанның бірінші ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, Журналистер Одағының төрағасы Сейітқазы Матаев, «Адам құқығы үшін хартия» қорының атқарушы директоры Жеміс Тұрмағамбетова, басқа да қоғамдық пікірдің көшбасшылары мен азаматтық қоғамның өкілдері бар.