ҚР ІІМ жол полициясы бөлімшелеріндегі бос орындарды иемденуге байқау жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ІІМ жол полициясы бөлімшелеріндегі бос орындарды иемденуге байқау жариялады

ҚР ІІМ жол полициясы бөлімшелеріндегі бос орындарды иемденуге байқау жариялады

ҚР ІІМ мекемелерінің жүйесінде тұңғыш рет жол полициясы бөлімшелеріндегі бос орындарды иемденуге байқау жарияланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Қаңтар 2004
  • 927
Фото - Caravan.kz

Жол полициясы бөлімшелеріндегі 100 бос жұмыс орындарын иемденуге бағытталған байқауға орта және жоғары кәсіби білімі бар адамдар қатыса алады. ҚР ІІМ-нің жоғары оқу орындары мен колледждерінде оқыған немесе ішкі істер мекемелері училищелерінде алғашқы дайындық дәрістерін бітірген жағдайда жекелеген лауазымдарға орта білімді адамдар қабылдануы мүмкін. Бұл орайда үміткерлерден жүргізуші куәлігінің міндетті түрде болуы , ал жол полициясының жасақтық бөлімшелерінің қызметкері болу үшін байқауға қатысушылардан А, В және С категориялы жүргізуші куәлігінің болуы міндетті түрде талап етіледі.

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, жол полициясы бөлімшелеріндегі бос орындарды иемдену үшін тестілеу бағдарламасына ҚР Ата заңы, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі, ҚР президентінің «ҚР ішкі істер органдары туралы» Жарлығы, «ҚР жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы » заңы, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңдары бойынша біліктілік сынау қамтылған. Тестілеу шарасынан кейін үміткерлер арнайы сұхбатқа шақырылады.
Үміткерлі лауазымға тағайындау туралы бұйрыққа қол қоюда ҚР ІІМ-нің жол полициясы қызметін мамандармен қамтамасыз ету сапасына бақылау жасау жөніндегі ҚР ІІМ комиссиясының шешімі негіз етіп алынады.

Соңғы жаңалықтар