ҚР ІІМ жолдарда пара бергені үшін заңнамалық жауапкершілікті қолдану белсенділігін арттырмақшы - Мұхамеджанов - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ІІМ жолдарда пара бергені үшін заңнамалық жауапкершілікті қолдану белсенділігін арттырмақшы - Мұхамеджанов

ҚР ІІМ жолдарда пара бергені үшін заңнамалық жауапкершілікті қолдану белсенділігін арттырмақшы - Мұхамеджанов

Астана. 23 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов еліміздің автоәуесқойларын өзі басқаратын мекеме бұдан былай пара беру дерегі бойынша тек жол полициясы қызметкерлерінің үстінен ғана емес, сонымен бірге оларға пара берген азаматтарға қатысты да қылмыстық іс қозғамақ ниетте екенін ескертеді. Бұл туралы ол бүгін үкіметтің отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 23 Қыркүйек 2008
  • 371
Фото - Caravan.kz

«Мен Қазақстанның барлық азаматтарын ескертейін деп едім — егер тіпті жол полициясы қызметкерлері сіздерден пара бопсалап жатса да, сіз оларға бермеңіз, өйткені, сіз солай қармаққа ілініп қалуыңыз әбден мүмкін, бұл арандатушылық болуы, ол жерде ІІМ-нің ішкі қауіпсіздік бөлімшелері жұмыс істеп жатуы әбден ықтимал», -деді Б. Мұхамеджанов.

«Біз қазір тек өз қызметкерлерімізге қатысты ғана емес, осы параны беретін азаматтарға қатысты да жұмыс істеп жатырмыз», — деді ол.

«Олар тіпті пара бопсалап жатса да оны беруге болмайды: сен ереже бұзсаң онда соған сай жауапкершілікті жүкте. Олай болмаған күнде, егер сен ақша беріп құтылып кетем деп ойласаң, онда сол үшін қамауға алынуың мүмкін», -деді министр.

Оның мәліметінше, «еліміздің 85 азаматы қазір жол полициясы инспекторларына пара беру дерегі үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғалы жатыр».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар