ҚР ІІМ-іне қылмыспен күрес және құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі 2007-жылға дейінгі бағдарламаны бір айда толықтыру туралы тапсырма берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ІІМ-іне қылмыспен күрес және құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі 2007-жылға дейінгі бағдарламаны бір айда толықтыру туралы тапсырма берілді

ҚР ІІМ-іне қылмыспен күрес және құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі 2007-жылға дейінгі бағдарламаны бір айда толықтыру туралы тапсырма берілді

Республика үкіметі Ішкі істер министрлігіне қылмыспен күрес және құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі 2005-2007-жылдарға арналған бағдарламаны бір айда толықтыру туралы тапсырма берілді. Бұл туралы бүгін, 19-қазанда өткен үкімет отырысы барысында ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов хабарлады.

  • 19 Қазан 2004
  • 927
Фото - Caravan.kz

Бұл бағдарлама бастапқыда 2005-2006-жылдарға есептелген-тұғын. Алайда, үкіметтегілердің пайымдауынша, бағдарламаны екі жылға жасау «мемлекеттің бюджеттік саясатына» қайшы келеді. «Қазір үш жылға есептелген «Жергілікті бюджеттерден қаржы және субвенция бөлу туралы» заң қабылдануда, сол себепті, жергілікті бюджеттен қаржыландыруды қарастыратын кез-келген бағдарлама осы мерзімге сай келуі тиіс»,- деді ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов.

Ал ҚР ІІМ-нің бірінші орынбасары Иван Оттоның айтуынша, ҚР қылмыспен күрес және құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі бағдарлама 2005-жылғы жергілікті бюджеттермен ғана сәйкестендіріліп, келісілген.
Осыған байланысты ҚР үкімет басшысы Ішкі істер министрлігіне бағдарламаны жергілікті бюджеттерден қаржыландыруды 2007-жылға дейін жоспарлап, «қаржылық тұрғыдан» құжатты толықтыруды тапсырды.

Перейти к новостям спорта