Жарияланды: 470

ҚР ІІМ-нің басшылық құрамында кадрлық өзгертулер болды

ҚР ІІМ-нің басшылық құрамында кадрлық өзгертулер болды

ҚР ІІМ-нің басшылық құрамында кадрлық өзгертулер болды, деп хабарлады министрліктің кадр саясаты департаментінен.

Жедел жоспарлау департаментінің басшысы қызметіне полиция полковнигі Қайрат Болатұлы Мұхитов тағайындалды; Штаб-департаменттің басшысы қызметіне полиция полковнигі Жанатбек Ақылбекұлы Ешімов тағайындалды; Өзіндік қауіпсіздік департаменті басшысының орынбасары қызметіне подполковник Шынтас Жалғасұлы Манкешов тағайындалды; Заң департаментінің басшысы қызметіне полиция полковнигі Сергей Васильевич Пономарев тағайындалды; Штаб-департаменті басшысының орыбасары қызметіне полиция полковнигі Мұхтар Әнуарұлы Әбдішев тағайындалды; Әкімшілік полициясы комитеті төрағасының орынбасары қызметіне полиция генерал-майоры Серімжан Төлеуұлы Досымов тағайындалды; Әкімшілік полициясы комитеті төрағасының орынбасары қызметіне полиция генерал-майоры Серік Қойсарыұлы Сүйінбаев тағайындалды; Батыс Қазақстан облысы ІІД басшысының орынбасары қызметіне полиция полковнигі Берік Мұхамбетқалиұлы Өтеулин тағайындалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін