ҚР ІІМ-нің мемлекеттік күзет қызметі департаментінің бастығы Ахметжан Мұқажановтың атап көрсетуінше, үкімет бекіткен жаңа тізімге республика үшін айрықша маңызды және стратегиялық нысандар, атап айтсақ, үкіметтік мекемелер мен жергілікті билік органдары, елді мекендердің тіршілік қамтамасыздығымен айналысушы кәсіпорындары мен мұнай кеніштері тәрізді халыққа қауіпті нысандар енгізілген. Соның арқасында ҚР ІІМ бұл нысандарды қорғауға жұмсалатын қаржының жұмсалуын реттеп, олардың қауіпсіздік деңгейін арттыруды, дәлірек айтсақ, бұл істе қазіргі заманғы техникалық құралдарды пайдалану, болуы мүмкін лаңкестік шаралардың алдын алуға бағытталған жаңа талаптарға сәйкес ІІМ органдарының қызметкерлер құрамын тиімді пайдалануды көздейді. ҚР үкіметі бекіткен тізімге қамтылмаған нысандар бәсекелі күзет рыногына шығарылады.
Қазіргі таңда ҚР ІІМ-нің мемлекеттік күзет қызметінде 10 мыңға жуық адам жұмыс істейді, олар 14,5 мың маңызды нысан мен 15,5 мың пәтерді қорғауға алған. Қызмет жұмысының тиімділігін көрсететін маңызды көрсеткіштің бірі — қызметтің ІІМ-нің аумақтық органдары әшкерелеген жалпы қылмыстар санында өзіндік иемденетін үлес салмағының болуы . 2003-жылдың 9 айының қортындысы бойынша бұл үлес 30 проценттен асты.
ТМД -ға мүше 6 мемлекеттің Ішкі істер министрліктерінің күзет қызметінің басшылары осы жолғы кездесу барысында әр мемлекеттегі орган іс-қызметінің заңдық базасымен танысып, өзара ынтымақтастықтың стратегиялық жоспарын жасауды, соның ішінде нысандарды қорғау және бақылаудың техникалық құралдарын қолдану тәжірибесімен бөлісуді межелеп отыр.